shucrb74@mail.ru

+7 (726 38) 3-35-85

Шу ауданы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айының 1-і мен 10-ы аралығында «Онкологиялық аурулармен күрес күніне» арналған онкүндік өткізілді. Атаулы күнге орай өткен 41 шараға жалпы саны 552 адам қамтылды.
Нақтырақ тоқталар болсақ, Бірлікүстем, Баласағұн дәрігерлік амбулаториялары мен Отбасы орталығында өткізілген Ашық есік күндерінде 55 адам білікті мамандардан кеңес алды. Сондай-ақ Бірлікүстем, Баласағұн дәрігерлік амбулаториясы мен Отбасы орталығында тақырыпқа байланысты дәрістер оқылып, түрлі тренингер мен дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек жергілікті басылымдарға мақалалар жарияланып, аудио, видео, радиохабарламалар көпшілік назарына ұсынылып, оқу-ақпараттық құралдары таратылды.
Шара аясында Шу аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері 4 тұрғыннан онкологиялық аурулардың алғашқы белгілерін анықтап, Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерге жолдама берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *