Жуырда Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.С. Жақсыбаевтың төрағалығымен аудан әкімінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Басқосу барысында аудандағы туберкулез ауруының былтырғы жылмен салыстырмалы эпидемиялық жағдайы, үстіміздегі жылдың 3 айында нақты топтағы балаларды алдын ала екпемен қамтуды талдау, Конго — Қырым геморрагиялық қызбасынан қорғану іс — шаралары, Өндіріс және тұтыну қалдықтарынжинау, зарарсыздандыру, тасымалдау, сақтау, көмуге қойылатын сан -эпидемиологиялық талаптар күн тәртібіне қойылып, кеңінен талқыланды. Жоғары аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру, қосымша қаржы бөлу жөнінде Шу ауданы санитарялық эпидемиологиялық басқармасы атынан тиісті ведомстволарға хат жолдап, жұмысты жандандыруға аудан басшылығымен бірге мүдделі ведомстволар бірлесе атқару қажеттігі басты назарға алынып, шешімдер қабылданды.