ХАБАРЛАНДЫРУ
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтеді.
Диктант жазудың мақсаты мен міндеті:
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауаттыжазудағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Ұйымдастырушы:
1) жергілікті атқарушы органдар жергілікті БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы диктанттың өтетіні туралы хабарламалар орналастырып, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі диктанттың мәтінін 2023 жылғы 3 мамырда сағат 11.00-де жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарының эл.пошталарына жолдайды.
Диктант жазуға қойылатын талаптар:
1) диктант жазушылардың жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктант жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктантпен өңір тұрғындарының кем дегенде 30 %-і қамтылуы тиіс;
3) диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады;
4) диктант бағаланбайды.
Диктантты өткізу мерзімі:
Диктант республика бойынша 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де өткізіледі.