Шу аудандық орталық ауруханасында дәрігерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында жиынның күн тәртібіндегі «Медиицналық көмектер сапасына қатысты шағымдарды азайту мақсатында көрсетілетін көмектердің сапасын көтеру, осы қызметтерді көрсету мерзімін бұзу фактілерін болғызбауға күш салу» тақырыбында Шу аудандық орталық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің комплаенс офицері, Бас дәргердің орынбасары Жолдасов Нұрбол Ошанбайұлы баяндама жасады.
– Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл өз кезегінде азаматтардың медициналық қызметке деген ары-шағымдарын азайтып, сенімін арттырады. Бұл бағытта Шу аудандық орталық ауруханасында ауқымды жұмыстар атқарылуда, – деді Нұрбол Жолдасов.
Бүгінде аудандық орталық ауруханада азаматтардың шағымдарына назар аудару мақсатында САLL орталық нөмірі барлық медициналық бөлімдерде және арыз-шағымдар мен ұсыныс-пікірлер жәшігі орналасқан.
Жиын барысында сондай-ақ САLL орталыққа және шағым жәшігіне келіп түскен ұсыныс-пікірлер талқыланып, медицина қызметкерлеріне Алғыс хаттар жарияланды.
https://www.instagram.com/p/Cu87kTEMpY2/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==