shucrb74@mail.ru

+7 (726 38) 3-35-85

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе өсті. МӘМС жүйесі іске қосылғанға дейін, 2019 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне шамамен 1 трлн теңге бөлінді. Ал 2023 жылы халыққа көрсетілетін медициналық көмекті қаржыландыруға 2,5 трлн теңгеден астам, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,4 трлн, МӘМС бойынша – 1 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған. МӘМС есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай өсуі медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді.
МӘМС жүйесінің негізгі принциптері:
• әлеуметтік бағдар – мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді;
• ортақ жауапкершілік — халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты;
• медициналық көмекке тең қолжетімділік — әрбір сақтандырылған азамат төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлемін алуға құқығы бар;
• ақша пациенттің артынан жүреді — пациент медициналық қызметті алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады. Ол Қордың өнім берушісі болуы тиіс;
• пациенттің құқығын қорғау — Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді.
ТМККК
Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі беріледі:
• Қазақстан Республикасының азаматтарына,
• қандастарға,
• босқындарға,
• Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге.
• Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК аясында медициналық көмек алуға құқығы бар.
ТМККК азаматтарға сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:
1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек;
2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:
1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
3) иммундау (вакцинация);
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;
7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
3. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;
2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;
3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;
4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.
4. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
1) емделу кезіндегі әлеуметтік мәні бар аурулар;
2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;
3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.
5. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;
4) жоспарлы тәртіпте.
6. Медициналық оңалту:
1) негізгі ауруды емдеуде;
2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.
7. Паллиативті медициналық көмек.
8. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
9. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
10. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту.
11. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *