shucrb74@mail.ru

+7 (726 38) 3-35-85

Қор бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі, сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты.
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылдың алғашқы бес айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ әрі оның төрт филиалының 2022-2023 жылдардағы қызметін тексерді. Тексеру 3,8 трлн теңге мен 770 млн-нан астам медициналық қызметті қамтыды.
Аудит барысында Палата жалпы сомасы 55,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Бұл сома аудит шарасы барысында қайтарылды. Жоғары аудиторлық палата қорытындысында көрсетілген бұзушылықтар негізінен процедуралық сипатта болып, жүйелі кемшіліктер болып табылады.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қорға бірнеше ұсыныс берілді. Қордың директорлар кеңесі Жоғары аудиторлық палата ұсыныстарын қарастырып, бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Осылайша, қазіргі уақытта Қор медициналық қызмет жеткізушілерімен ұзақмерзімді келісімшарт жасау тәжірибесін енгізуде, сатып алу науқаны басталар алдында медициналық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігі алғаш рет тексеріле бастады.
Сонымен қатар, Қор деректерді талдау және басқарушылық шешімдерді уақтылы қабылдау үшін Ситуациялық-ахуалдық орталықты іске қосты. Медициналық қызметтер сапасын бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуде және басқа да шараларды қолға алуда.
Бұдан бөлек, Қордың директорлар кеңесі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастырды. Аудит қорытындысы бойынша Қордың орталық аппараты мен филиалдарының 12 басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *