shucrb74@mail.ru

+7 (726 38) 3-35-85

30.10.2024 жылы Шу аудандық орталық ауруханасында заңгер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің басшысы Беймбетова Жанаткуль Багзатовнаның ұйымдастыруымен жиналыс өтті.
Жиынға бас дәрігердің орынбасары, комплаенс-қызмет басшысына резерв және комплаенс-қызметіне жауапты Жолдасов Нурбол Ошанбаевич қатысып, Шу аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мен мейірбикелер шақырылды.
Басқосу барысында күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы. ҚР ДСМ 2024 жылғы 24 шілдедегі №58 бұйрығы бойынша Нурбол Ошанбаевич баяндама жасады.
Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау саласындағы халықтың мүддесін әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың бір түрі. Оның басты мақсаты – сақтандыру жағдайы туындаған кезде Азаматтарға жинақталған қаражат есебінен медициналық көмек алуға кепілдік беру және алдын алу шараларын қаржыландыру. Ал медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға келсек, мұндағы негізгі мақсат медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және пациенттерді де, медицина қызметкерлерінің де құқықтарын қорғау болып табылады. Бүгінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің рөлі жоғарыда аталған медициналық қызметтердің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін жетілдіру ретінде айқындалған. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәліметінше, бүгінде медициналық көмектің сапасына негізделген шағымдардың саны тұрақты өсіп келеді. Бұл сот жұмысына шамадан тыс жүктеме артып, тиісінше сот ісін жүргізуге бюджет қаражатының жұмсалуын молайтады. Жалпы науқастың медициналық көмек көрсетуге байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген.
Келесі кезекте Жанаткуль Бағзатовна күн тәртібіндегі екінші мәселе – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға, оның ішінде ағымдағы жылдың 9 айының қортындысына тоқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК ның бас дәрігері Ж.А.Айтишевтың 01 наурыз 2022 жылғы № 141-ө бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құрылған. Соған орай комплаенс-қызметтінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының бірі Шу аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас жемқорлықты алдың алу шаралары» ұйымдастырып, аурухана қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық белгілері бар заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы кәсіпорын саясаты бекітілген, жұмыс барысында осы құжаттамалар талабы сақталынуы қатаң қадағаланады. Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар аурухананың веб-сайтына орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *