shucrb74@mail.ru

+7 (726 38) 3-35-85

Әлеуметтік әділеттілік пен ортақ жауапкершілік – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидаттары.
— Ендігі кезекте әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік адамның өзіне, жұмыс берушісіне және мемлекетке жүктеледі.
— Қаржы шығындары да ортақ жауапкершілік қағидатымен, «мұқтаждығы аз адамдар көмекке зәру адамдарға төлейді» қағидатымен бөлінеді.
— МӘМС жағдайындағы ортақ жауапкершілік қағидаты барлық сақтандырылған азаматтарға табыс пен төлем көлеміне қарамастан, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
— Әрбір азамат өзі емделетін медициналық жеке немесе мемлекеттік ұйымды таңдай алады.
-Ауруханалар мен емханалар пациент үшін бәсекеге түсіп, медициналық қызмет сапасы мен дәрігерлердің біліктілігін көтеруге мүдделі болады.
— Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жарналық төлемдер есебінен өсіп, медициналық көмектің ұлғайып келе жатқан шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.
— Әлеуметтік сақтандыру қоры жоғары сапалы мердігерлерді таңдайтын болады.

Медициналық қызмет сапасы

-Қор тарапынан күнделікті бақыланып отырады. ӘМСҚ ең үздік мердігерлер рейтингін анықтап, оны баспасөз бен порталдарда жариялап отырады.
-МӘМС-тің арқасында жалпы практика дәрігерлерінің саны 1,8 көбейіп, әрбір дәрігердің жүктемесін 1500 адамға төмендетуге мүмкіндік береді (қазір әрбір жалпы практика дәрігеріне 2140 адамнан келеді). Бұл кезектерді азайтып, қабылдау мен науқастарды емдеу сапасын арттырады.
— Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) көлемін арттыру көзделіп отыр, аталған бағыттағы жан басына шаққандағы шығынның өсуі ықтимал. Сонымен қатар, амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге мұқтаж тұлғалар ауқымы мен жиі кездесетін ауруларға бөлінетін дәрілік заттар тізімі артады.
Сонымен бірге, Медициналық сақтандыру қоры төлемдерінің ұлғаюымен қатар, медициналық қызметтер көлемін артатын болады. Бұл – жаңа мердігерлерді тарту арқылы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс берушілер үшін:

-Еңбек өнімділігінің артуы, дені сау ұжым;
— Жоғары деңгейдегі корпоративтік мәдениет;
-Жұмыскерлердің ауруларына қатысты экономикалық шығындарды азайту;
— Жұмыс уақытын оңтайландыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *