Қалалық көпбейінді аурухана және диагностикалық орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен науқасқа интервенциялық ота білікті дәрігерлермен сәтті жасалып, қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсарып, аурудан құлан-таза айығуда.
МӘМС аясында науқастар заманауи стандарттар мен талаптарға сәйкес жоғары білікті медициналық көмек алады. Бұл емдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, тәуекелдер мен асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі науқастарға сапалы, қолжетімді және уақтылы емдеуді, оның ішінде интервенциялық операцияларды қосымша қаржылық шығындарсыз ұсынады.
#МӘМСЖамбыл #ФСМСЖамбыл #ОСМСЖамбыл