09.07.2025 жылы Шу аудандық орталық ауруханасының байқау Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
ҚР Мемлекеттік мүлік туралы Заңның 148 бабының 3 тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды делінген.
Шу аудандық орталық аруханасының 2022 жылы құрылған байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылдың аяғында аяқталған.
2025 жылы мамыр айында Шу аудандық орталық ауруханасының Байқау кеңесінің мүшелігіне байқау өткізілген. Аталған байқаудың қортындысына сай «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Назарбектің 2025 жылғы 05 маусым №206-ө бұйрығымен Шу аудандық орталық ауруханасының байқау кеңесінің құрамы жаңадан құрылып тағайындалды.
Атап айтсақ, олар:
Муликова Нейли Орынбасаровна — Санитарлық-эпидимиологиялық бақылау комитеты Жамбыл облысы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
/ ҚР ДСМ / өкілі.
Мусабаев Ерик Тиллакович — Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары. /ДСБ өкілі/
Аймамбетов Ербол Еркинович -Шу ауданы Төлеби ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Ақпаев Сейсенғали Джилкибекович-Денсаулық сақтау саласының ардагері.
Сабыржан Берданович Бабалиев — Шу ауданының жеке кәсіпкері
Махашев Нурлан Оразкулович- «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы.
Багибаев Серик Маликович –Жүрек орталығы «UMC» Корпоративтық қоры, интервенциялық аритмолог дәрігері.
Басқосуға Санитарлық-эпидимиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нейли Муликова, QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы Нурлан Махашев және Жүрек орталығы «UMC» Корпоративтық қоры, интервенциялық аритмолог дәрігері Серик Багибаев ZOOM қосышасының көмегімен, ал қалған қатысушылар – Шу ауданы, Төлеби ауылдық округі әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов, денсаулық сақтау саласының ардагері Сейсенғали Ақпаев, Шу ауданының жеке кәсіпкері Сабыржан Бабалиев, офлайн форматта қатысты.
Жиын барысында Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жайдар Айтишев күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Шу аудандық орталық ауруханасының байқау кеңесінің жаңадан тағайындалған құрамымен таныстырды.
Екінші мәселе – Байқау кеңесінің жаңадан тағайындалған құрамына төрағаны және байқау кеңесінің хатшысын сайлау туралы мәселе көтерілді.
Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен денсаулық сақтау саласының ардагері Ақпаев Сейсенғали Джилкибекович Кеңес төрағасы болып сайланды.
Сейсенғали Джилкибекович әр жылдары Шу қалалық ауруханасында учаскелік терапевт, бөлім меңгерушісі. бас дәрігердің орынбасары, қалалық аурухананың бас дәрігері секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі», «Алтын дәрігер», тағы басқа көптеген төсбелгі, медальдармен марапаталғаны ескерілді.
Сонымен қатар көпшілік дауыспен Байқау кеңесінің хатшысы болып Шу АОА заңгері Беймбетова Жанаткуль Багзатовна сайланды.
Басқосуда бұдан бөлек күн тәртібіне сәйкес Шу аудандық орталық ауруханасына 2024 жылда бөлінген қаржының есебі, аурухананың 2024 жылда атқарылған шаралары бойынша есебі және кәсіпорының 2025 жылға арналған іс-шара жұмыс жоспары тыңдалды.