Шу аудандық орталық ауруханасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен Шу АОА-ға қарасты Алға ауылында орналасқан отбасылық дәрігерлік амбулатория (ОДА), Сауытбек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) медициналық қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында түсіндірме жұмыстары жұргізілілді.
Жиын барысында Шу АОА комплаенс-офицері Жанаткуль Беймбетова күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарында – Шу аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруы көзделген. Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына тежеу болатын қауіп құбылыс және және елімізде онымен аяусыз күрес жүргізілуде. Оның алдын алудың бірден бір жолы – оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №342 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексінің » 3 тарауы Азаматтық қызметшілерге қойылатын әдеп талаптарында:
10) «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және заңнамада белгіленген тәртіппен оның алдын алу бойынша шаралар қабылдауға,
11)Лауазымдық міндетеріне сәйкес болуы,әдептілік танытуға,пара алуға байланысты пікірлерге және /немесе/әрекетерге не парақорлыққа делдал болуға жол бермейтіні жазылған.
Пациенттерге көрсетілген медициналық қызметке ризашылық білдіргілері келгендер ризашылығын БАҚ арқылы алғыс хат жазуға құқылы және бұл сыбайлас жемқорлық түрлеріне төзімділік таныту болып саналады, – деді Жанаткуль Багзатовна.
Жиын қорытындысымен түсіндірме жүргізілді деп есептелді.
